- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ-де Кураторлардың қысқы мектебі шеңберінде өткізілетін семинарлар циклы басталды.
«Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында университеттің академиялық топтардың кураторларына арналған семинарлар басталды.
Семинарлардың тақырыптары: студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық қалыптасуы; жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алу; БАҚ және әлеуметтік желілердің әсері.
Аталған семинар жұмысына тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В.Ровнякова және заң ғылымдарының кандидаты, қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының доценті Г.Т. Байркенова қатысты.
Ақпан айының 11-і мен 13-і аралығында өтетін үш күндік семинар қорытындысы бойынша, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады.
Баспасөз қызметі