Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де латын қарпін қолдану арқылы сөйлеу симуляторы компьютерлік бағдарламасы құрастырылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Зияткер» ғылыми білім беру орталығының негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға ерікті түрде репетиторлық тәжірибе ұйымдастырылды.

Жұмыстың инновациялық үлгілерін енгізуге басты назар аударылуда. Мысалы, ТЖ кезінде оқу орнында «Дефектолог: онлайн» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету бойынша клиника ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар, «ClyDePsy-мамыр» алаңының жұмысы ұйымдастырылды. Онда, студенттер жұмыс істейтін мамандармен қашықтан кездесулер өткізді. 

Соңғы екі жылда Орталық негізінде, магистрлік диссертация және дипломдық жұмыс шеңберінде инклюзивті білім беру мәселелері бойынша 13 ғылыми зерттеу жүргізілді. 

Магистрлік диссертациялардың аясында компьютерлік бағдарлама - латын графикасын қолдана отырып, мемлекеттік тілде сөйлеу симуляторы жасалды. Қазіргі уақытта алынған авторлық куәлік. Сонымен қатар, гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысқан инклюзивті тақырыптар бойынша бес жоба жасалды және жазылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo