- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де университет студенттері олимпиада чемпионы Денис Улановпен кездесті.
Денис Уланов – қазақстандық ауыр атлетші, 2016 жылы Рио-де-Жанейроде өткен олимпиаданың қатысушысы, Азия чемпионы. Кездесу барысында ҚР спорт шебері спорттағы жеткен жетістіктері мен оған жету жолындағы еңбектері туралы айтып, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Уақытын бөліп, арнайы келіп студенттермен кездесіп қайтқаны үшін алғысымызды білдіре отырып, жаңа жеңістер, табыс тілейміз!
Баспасөз қызметі