- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қаңтар айының соңғы екі аптасы ШҚМУ-дың "Заң" мамандығының студенттері үшін қызықты, әрі қанық болды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей доценті Максим Ростиславович Гета дәріс оқыды. 1 курс студенттерінің айтуы бойынша дәрісте айтылғандардың барлығы жаңа, жоғарғы курс студенттері үшін таныс категориялар болды.
Ғалымның кәсіби шеберлігінің арқасында студенттер қиын теоретикалық, қылмыстық-құқықтық түсініктерді оңай қабылдады.
Сібір қонағы өзінің курстарын ҚР қылмыстық заңнамасын сараптай отырып жүргізгендігі қуантады.
Сонымен қатар, дәріс Қытай, Германия, Франция, АҚШ және т.б. елдердің заңнамаларымен толықтырылды.
Баспасөз қызметі