Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы халықаралық ғылыми-әдіснамалық семинар өткізілді

«Саяси қуғын - сүргін құрбандары туралы естелік (1920-1950 жж.) және оның Қазақстанның сакралды ландшафтында бекітілуі (Шығыс Қазақстан негізінде)» атты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің AP05130870 ғылыми жобасының жоспары бойынша ғылыми-әдіснамалық  онлайн семинар өткізілді.

Іс-шараға жобаның орындаушылары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің (Өскемен қаласы), Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті (Семей қаласы) оқытушылары қатысты.  Семинарға РҒА СБ тарих институтының (Новосибирск, РФ), Альберт-Людвиг университеті

(Фрайбург қаласы, Германия), АлтМПУ (Барнаул қаласы, РФ) ғалымдары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мұражайлар, ШҚО мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері,  депортацияға ұшырағандардың ұрпақтары қосылды. Ғылыми-әдіснамалық семинар қоғамның мәдени жадын қалыптастыру және сақтауға үлес қосушы зерттеушілер арасында диалогтық алаң қалыптастырды.

Талқылау кезінде ғалымдар пікір алмасып,  жобалық зерттеулердің кейбір нәтижелерін баяндады., Мысалы  ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда 15 мақала, Scopus базасында индексацияланатын журналдарында 4 мақала, РҒЦИ  журналдарында  7 мақала, сонымен қатар, жобаның орындаушылары  Қазақстан және шетелде өткен конференцияларға қатысып, конференция материалдарының жинақтарында 20-дан астам мақала жарияланғаннын атап көрсетті.

Семинарға қатысушылардың баяндама тақырыптары саяси қуғын -сүргін тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелерін қозғады. Мысалы, қазақстандық зерттеушілер  А.С. Жанбосинова «Барлығын есімімен еске алу: аймақтық тарих», Б.Ж. Атантаева «Бұқаралық ақпарат құралдары саяси қуғын – сүргін тарихы бойынша дерек ретінде», К.Р. Жириндинова «Күштеп ұжымдастыру кезеңіндегі ауылдың бейімделу тәжірибелері», А.Т. Казбекова «Шешендерді депортациялау мұрағат және ауызша тарих материалдарында (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)»,  Г. Кашаку «Әлихан Бөкейхан өлке тарихында» атты тақырыптарда баяндамалар жасап, аймақтық тарихтың түрлі мәселелерін қарастырды.  РҒА СБ тарих институтының қызметкерлері Н.А. Потапова «Посткеңестік кеңістікте Үлкен террор құрбандары туралы жадыны сақтау мәселелері», Н.Н. Аблажей «Депортацияға ұшырағандардың Кітабын құрастыру тәжірибесі: мәселері және шешімдер», А.И. Савин «Қазақстандағы   ІСХК (НКВД) ұлттық операциялары (1937-1938 жж)» атты тақырыптарда баяндама жасады.

Семинарда А.С. Жанбосинованың «Менен лайықты емес 58-ші баптың құпия таңбасын алып тастауды сұраймын: Қазақстанның саяси террор тарихындағы эго-құжаттар» атты монографиясының анонсы ұсынылды. Монографияда алғаш рет қазақстандық тарихнамада саяси қуғын - сүргін тарихы ғылыми айналымға енгізілген жеке тұлғалардың құжаттарының шеңберіндегі эго-құжаттар бойынша қарастырылған.

Ғылыми-әдіснамалық семинарға қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру мен барлық заңсыз сотталғандар мен атылғандардың аттарын жариялау ісінің елімізде азаматтық қоғамды нығайтудың және зорлық-зомбылық  көріністерінің қайталанбауының бір шарты ретінде  қарастырып, бұл бағытта зерттеу жұмыстарын  одан әрі жалғастыруды  атап өтті.  Осыған байланысты тарихшы-ғалымдарға, мәдени жадыны  сақтау бағытында қызмет атқарып жүрген азаматтарға зор әлеуметтік  және  кәсіби жауапкершілік  жүктеледі. Семинардың қабылданған қарарында саяси қуғын-сүргін тарихы мәселесі бойынша одан әрі зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы пікір айтылды.

Жобаның жетекшісі, т.ғ.д., профессор   А. Жанбосинова

 

 

Қазақ
× You found a Typo