Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретті жылдардың жаңғырығы» атты республикалық вебинар өтті

28 мамырда Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты республикалық вебинар өткізілді. Вебинар жұмысына Еуразия Ұлттық университеті, ««БАҰО» ӨРЛЕУ» АҚ ШҚО ПҚ БАИ мамандары, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы,  ШҚО-ның қала және аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлегеннің вебинардағы алғысөзінде: Саяси  қуғын – сүргін  мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен  көз жасына суарылған тарихтың  шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Әкімшілік – жазалаушы  жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жерде  борышымыз - осы қаңқұйлы  жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау керек, - деп атап өтті.

Еуразия Ұлттық университеті профессоры Дукенбаева Зада Оразғалиқызы Саяси қуғын – сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының тағдырына ерекше тоқталып, Қазақ тарихында әліде зерттеуді қажет ететін ақтаңдақтар туралы баяндады.  

Вебинарға қатысушылар өте құнды тарихи мәліметтер мен әлі де танылмаған мұрағат құжаттарымен бөлісіп пікір алмасты. Болашақта  осы тақырып төңірегінде тағы да кеңірек ғылыми пікір  алмасуды ұсынумен тарқасты.

 Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo