Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де студенттер арасында Жайдарман ойындары өтті

Қазан айының 21-ші жұлдызында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3-ші оқу ғимаратында, университеттің жатақханалары мен ШҚМУ жоғарғы колледжінің арасында жайдарман ойыны болып өтті.

Жалпы, бұл ойынның мақсаты мемелекеттік тілдің аясын кеңейту, мәртебесін арттыру, қазақша Жайдарман ойындарын жандандыру болып табылды. Ойын университеттің тәрбие ісі жөніндегі бөлімі мен жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымын өтті. Сайыста бас-аяғы 3 команда бақтарын сынады. 3-ші жатақхананың "Online", 4-ші жатақхананың "Көңілді жігіттер" және ШҚМУ жоғарғы колледжінің 

"Aport" жайдарман топтары өнер көрсетті. Ал 5-ші жатақхананың "Нағыз қазақ" жайдарман тобы белгілі бір себептермен бүгінгі сынға қатыса алмады. Бәсеке екі конкурстан сәлемдесу және көрініс сайысынан тұрды. Бүгінгі ойындағы көрермендердің қолдауымен, ойыншылардың дайындығы өз деңгейінде өтті. Сайысқа төрелік еткен қазылардың құрамы да ерекше болды: Өскемен Жайдарман филиалының директоры Дәрмен Дәуренов, университеттің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Әбілқайыр Батырбай, 2015 жылғы жайдарман сайысы бойынша қалалық лиганың чемпионы,"Селтеткізер" командасының ойыншысы-Досжан Мұхаметқалиев. 

Ойынды қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-ші курс студенті Алтынбекұлы Бақдәулет жүргізді. Жарыс қорытындысы бойынша, жүлделі 3-ші орынды ШҚМУ жоғарғы колледжінің "Aport" жайдарман тобы иеленсе,2-ші орын 3-ші жатақхананың "Online" жайдарман тобына бұйырды. Бас жүлде 4-ші жатақхананың "Көңілді жігіттер" құрамасының қанжығасына бұйырды.

Айтуғанова А. , тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің маманы

Қазақ
× You found a Typo