Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де студенттердің жайлы өмір сүруі үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Ұлт Көшбасшысының үшінші бастамасымен студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де студенттердің жатақханада тұрып білім алуына ерекше көңіл бөлінеді.   Университет жатаханаға мұқтаж студенттердің қамтамасыз етілуіне бақылау жасап отырады. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Бес әлеуметтік бастамалар» бағдарламасын іске асыру аясында студенттік жатақханалар салу мәселесі бойынша қазіргі уақытта № 3 оқу ғимаратын (бұрынғы №2 жатақхана ғимараты) 300 орындық жатақхана ретінде қайта жаңғыртуға дайындау жұмыстары жүргізілуде, ғимараттың құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйі қарастырылып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен қатар, 600 орындық жаңа жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа арналған жер телімі студенттік қалашық аумағында.

Дәл қазіргі уақытта  басқа қаладан келген студенттер мен шетелдік студенттерге С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және университеттің жоғары колледжі № 1, 3, 4, 5 студенттер үйлерінен орындар берілген.  

Студенттердің барлық үйлерінде әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында демалыс кезінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі заманғы жайлы тұрмыстық өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізілуде.

Білім ордасында  2019-2020 жаңа оқу жылында жатақханада тұру құны өзгермей 3100 теңгені құрайды,  яғни оқу жылы бойынша студенттердің тұрғаны үшін 31000 теңге. Студенттердің әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жатақханада тұру құны 2016 жылдан бастап көтерілмеген.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттер үйінде тұратын студенттер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.  Жатақханалардағы орындар бірінші кезекте республикалық мемлекеттік гранттарда, жергілікті атқарушы органның гранттарында оқитындарға, көп балалы отбасылардың студенттеріне және жетімдерге, «Серпін-2050» бағдарламасының студенттеріне беріледі. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында әр түрлі шаралар әзірленді. Жетім студенттер мен дайындық бөлімінің тыңдаушылары Студенттер үйінде тегін тұрады.

Студенттердің төрт үйінде жалпы  саны-1753 орын бар, қыркүйектің 2-не дейін 1143 студент орналасты. Студенттердің тізім бойынша орналасуы 25 тамызда басталып, 15 қыркүйекте аяқталады.

26 тамыздан 1 қыркүйекке дейін 1-2 курс студенттері, берілген өтініштерге сәйкес - 815 адам, «Серпін-2050»  бағдарламасы бойынша 1 курс -186 адам, 2 курс - 207 студент орналастырылды. Бүгінгі күні 3-4 курс 165 студент, «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 3 курстан -272 студент, 4 курстан - 150 студент орын алды.

Жоғары курс студенттерінен 286 өтініш түскен. Қазіргі уақытта берілген өтініштерге сәйкес студенттерді орналастыру жалғасуда.

Студенттер үйлерін тұратын орынды қайта бөлу есебінен, қолданыстағы  құрлыс  нормасы мен ережесіне сәйкес университет 200 қосымша төсек-орын енгізді.

ЖОО-да сыбайлас жемқорлықты болдырмау және ашықтық үшін 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 40 мекен-жайы бойынша «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығында электронды портал арқылы студенттерді орналастыру «ақылды» жүйесі ойластырылған.

Студент жастарды жақсы, қолайлы өмір сүру жағдайымен және әлеуметтік қолдау бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де  Елбасының «Бес әлеуметтік бастамалар» аясында бағдарламалық құжатын іске асыру табысты орындалады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo