Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу штабы жұмыс істейді

2019-2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында штаб ШҚМУ-да «Таза сессия» кең ауқымды акциясын ұйымдастырып, өткізуде.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлегеннің бұйрығымен, штаб мынадай құрамнан тұрады: штаб төрағасы - Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова; тең төраға - Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Д. Ерболатұлы; штабтың жауапты хатшысы - Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы М.Н. Әбубәкір. 

Штаб мүшелері: Экономика және құқық факультетінің деканы - А.Г. Мұхамедиева; Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы - Ә.А. Өскембай; Психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы Г.Б. Күленова; Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы - М.Н. Мадияров; Тәрбие жұымыс және әлеуметтік мәселелер бөлімінің жетекшісі Р.О. Абдрасулин; «Altay Jastary» медиаорталығының жетекшісі О.Ю. Сизова; «Биология» мамандығының студенті - А. Болат, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенті Д.Т. Қайсанов, «Заң» мамандығының студенті - А.К. Қабанбаев, «Психология» мамандығының студенті - А. Талғатов, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының студенті - Ж. Бақтыбайқызы, «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының студенті - Д.Т. Қайсанов, «Математика» мамандығының студенті - С.Е. Мұса, «Мейірім» волонтерлер клубының жетекшісі - Н.А. Аманжолова. 

Штаб мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністері немесе фактілер туралы тәртіптік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесте ректор блогында уақтылы хабарлайды.

Сенім телефоны: 540-708.

«Таза сессия» ауқымды акциясын ұйымдастыру және өткізу штабы

Қазақ
× You found a Typo