- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
25 қаңтар күні Астана қаласында 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада-2017 алауын жағу салтанаты өтеді. Ал, 26 қаңтар күні Өскеменде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ аумағында Универсиада-2017 алауын жағу салтанаты өтеді.
Эстафета бағдары Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҰОС-да қаза тапқандарға арналған монументін, интернационалист жауынгерлер естелігіне арналған мемориалдық кешенін, Республика алаңын қамтиды.
Аталмыш эстафета Б. Александров атындағы Спорт сарайының алдында аяқталады.
Өскемен қаласы бойынша бағдар қашықтығы 10 шақырымды құрайды.
Баспасөз қызметі