26-29 тамыз аралығында университет және Жоғарғы колледж студенттерін 2019-2020 оқу жылына Студенттер үйлеріне орналастыру жүргізіледі.
Университет ректоры бекіткен арнайы комисся 1 курс студенттерін орналастырады.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 42 мекенжайы бойынша орналасқан № 3 Студенттер үйіне; жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 40 мекенжайы бойынша орналасқан № 4 Студенттер үйіне; экономика және құқық факультеті және Жоғарғы колледж студенттері 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан № 5 Студенттер үйіне; психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері Образцовая, 7 мекенжайы бойынша орналасқан № 1 Студенттер үйлеріне орналастырылады.
Жоғарғы курс студенттері 29-шы тамыздан бастап, бұған дейін өздері тұрған Студенттер үйлеріне орналастырылады. Студенттер үйлерінде тұру бағасы, студенттер үшін айына 3100 теңге, магистранттар үшін айына 8000 теңге.
Комиссия ордерін алған соң, 30-шы Гвардияшылар дивизиясы көшесі, 36 мекенжайы бойынша орналасқан мед.пунктте медициналық тексеруден өту қажет. Орналастыру комиссиясының жұмыс уақыты сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін (13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс).
Баспасөз қызметі