Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де университеттің Ғылыми кеңесінің онлайн отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен университеттің Ғылыми кеңесінің онлайн отырысы университетте өтті.

«С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2018-2022 жылдардағы даму бағдарламаларын»  жүзеге асыру шеңберінде университет факультеттеріндегі оқу-әдістемелік жұмыстардың қазіргі ахуалы мен оны жетілдіру туралы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы баяндама жасады.

Екінші мәселе, Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С. Стеблецова «2020-2021 оқу жылында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу жоспарларын бекіту туралы» тақырыбында ақпараттандырды.

«2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендия тағайындау туралы және Мемлекеттік Автономиялық Комиссия төрағаларының бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары туралы есептерін бекіту туралы» оқу процессін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ә. Сәдірбекова айтып берді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo