Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де университеттің Ғылыми Кеңесінің отырысы өтті

Университет ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен өткен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысында 9 мәселе қаралды. 

Кеңес барысында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағыты бойынша университеттегі тәрбие жұмысының қазіргі ахуалы мен оны дамыту мәселелері туралы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың баяндамасы тыңдалды. 

«Серпін» штабының жетекшісі Л.Т. Байжұманова университетте «Серпiн» – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпараттандырды. 

«2015-2020 жылдары университетте үш тілді білім беруді дамыту жол картасын» дамыту барысы жөнінде Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С. Стеблецова айтып берді. 

Оқу процессін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ә. Сәдірбекова оқу бөлімдерінің профессорлық-оқытушылық құрамымен жүргізілетін оқу жұмысының күрделілігі мен педагогикалық жүктемені есептеу стандарттарын қабылдау туралы айтты.

Университет түлектерінің жұмысқа орналасу жағдайы мен проблемалары туралы Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова ақпараттандырды. 

Маркетинг, мәнсап және жұмысқа орналасу орталығының жетекшісі Ж.Б. Болатова университеттегі онлайн-режимдегі профориентациялық жұмыс барысы, сондай-ақ,  «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2020-2021 жж аралған студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары туралы» Ережені бекіту жөнінде баяндады.

Оқулықтарды басып шығару жөнінде ұсыныстарды оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор Д.Ерболатұлы, ал монографияларды басып шығару жөніндегі ұсыныстарды ғылыми зерттеулерді дамытуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы М.Б. Абилев ақпараттандырды. 

Кеңесті қорытындылай келе, ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген, Польша жерінде университет қолдауымен ашылған “Абай” мәдени білім беру орталығы Ұлы Абаймен байланысты іс-шаралар өткізуге арналған негізгі алаңға айналғанын айтты. Соның ішінде ақынның 175 жылдығына арналған шаралар да бар.

ЖОО ректоры облыс, аудандардағы профориентациялық жұмыстарды жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, түлектерді 100 пайыз жұмыспен қамту, “Серпін” бағдарламасы бойынша білім алған түлектер оқыған аймақтарында 3 жыл жұмыс өтілі міндеттелетінін жеткізді.

Барлық мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo