Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де үш елдің ғалымы қатысқан халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті

Астана күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Қазақстан, Польша және Литва елдерінің ғалымдары қатысқан «Нұр-Сұлтан: қалыптасу тарихының, саяси экономикалық бағыттарының басым жетістіктері» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Алғашқы болып С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараның модераторы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, п.ғ.к., И.В. Ровнякова.

Конференция жұмысына Лингвистикалық-техникалық университеттің деканы Ивона Несобенцкая (Свече қ., Польша), Шауляй университетінің халықаралық бөлім басшысы Беатриче Поскувиене (Шауляй қ., Литва) қатысты.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың экономика және басқару кафедрасының доценті, э.ғ.к., Ғ.Қ. Қойшинова «Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері» тақырыбында,  экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Е.Б. Домалатов «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-демографиялық дамуының тенденциясы» тақырыбында, философия магистрі, «Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Жиренова баяндама жасады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo