Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де жаңа алты интегралды бідім беру бағдарламасы әзірленді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Математика-Физика», «Математика-Информатика», «Тарих-Дінтану», «Физика-Информатика», «Химия-Биология», «География – Тарих» бағыттары бойынша 6 жаңа интегралды білім беру бағдарламасы дайындалды.

– Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайда, әлемдік қоғамның технологияландыруынан, жаңа сападағы мамандарды даярлау қажеттілігі туындап отыр, - деді Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінде.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де жүзеге асырылатын жаңа интегралды бағдарламалар: 5В012600 – «Математика-Физика», 5В012700 – «Математика-Информатика», 5В013000 «Тарих-Дінтану», 5В012800 – «Физика-Информатика», 5В012500 – «Химия-Биология», 5В012900 – «География – Тарих».

Статистикаға сүйенетін болсақ, Шығыс Қазақстан облысы шағын жинақты мектептер көп орналасқан өңірлердің бірі. Ауқымды мәселелердің бірі, мұндай мектептерді мамандармен қамтамасыз ету. Қазіргі күні республиканың шағын жинақты мектептерінде 55 мыңнан астам педагог қызмет етуде. Бұл жалпы көрсеткіштің 18,5 пайызы.

– Шағын жинақты мектептердегі білім сапасына әсер ететін негативті факторлардың бірі, бірқатар пәндерді маман емес қызметкерлердің жүргізуінде. Сол себепті, интегралды білім беру бағдарламаларын дайындап, жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілетті, соның ішінде шағын жинақты мектептерде қызмет ететін мамандарды даярлау шешімі қабылданды, - дейді мамандар.

Қазіргі күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 4 интегралды білім беру бағдарламасы өз лицензияларын алды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo