Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ дебатшылары республикалық үздік командалар ондығында

Сәуір айының 1-2 жұлдызында өткен Алматы қаласындағы Тұран университеті ұйымдастырған «Sirius CUP» республикалық турниріне университетіміздің қолдауымен пікірсайысшыларымыз барып қайтты.  

Бұл турнирде Студенттік жəне Мектеп лигасы болды. Турнирге еліміздің əр облысынан келген 20- дан астам ЖОО-ның 70-ке жуық командасы қатысты. Жоғары деңгейде өткен сайыста пікірсайысшы студенттеріміз үздік ондық қатарынан көрінді. Көптеген мықты қарсыластармен жолығып, қазіргі кездегі қоғамдық мəселелердің шешу жолдарын қарастырып қайтты.

Турнир барысында Алматы қаласын аралатып, Көк төбеге де шығарды.  Студенттеріміз өз достарын көбейтіп, мол тəжірибе жинап, қаланы көріп қайтты. Елімізде енді дамып келе жатқан бұл пікірсайыс ойыны жастар арасында ерекше мəнге ие. Бұл жарысқа барған студенттеріміз «Əлеуметтік педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенті Таңсық Жансая, «Əлеуметтік педагогика және психология» мамандығының 1-курс студенті Жақсылық Жансая, «Материалтану» мамандығының 1-курс студенті Утенов Бағлан, «Физика» мамандығының 3-курс студенті Анас Бақдəулет барып пікірталасқа түсіп, тәжірибе жинап, біліктілігін арттырып қайтты.  Пікірсайыстың жастарға берері мол. 

Анас Бақдəулет, «Физика мамандығының» 3-курс студенті

Қазақ
× You found a Typo