Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ делегациясы Қазан университетінде болды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ делегациясы Қазан федералдық университетінде болып, серіктестік бағыттарын талқылады.

Делегация құрамында СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В.Ровнякова, ЖҒжТФ деканы Д.Ерболатұлы, «Зияткер» орталығы басшысының м.а. С.А.Стельмах, ұлттық зертхана меңгершісі Ә. Б. Нұғыманова бар.

Қазан университетін проректор Линар Наильевич Латыпов таныстырды. Қонақтар университет мұражайында, «ленин» дәрісханасында, ғылыми зертханаларында болды.

Қазір ҚФУ-да 680 қазақстандық білім алуда. Соңғы бес жылда ҚФУ ғалымдары қазақ әріптестерімен бірге 81 ғылыми мақала жариялаған. 

Ирина Владимировна Ровнякова ШҚМУ туралы айтып берді. 

-Мақсатымыз – өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою. Биотехнология, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер, археология, педагогика, психология бағыттарында қарым-қатынас орнатуды көздейміз. Қосдипломды бағдарламаға да қызығушылық танытып отырмыз, – деді И.В. Ровнякова.

Проректор Латыпов әріптестікке әзір екендіктерін жеткізді.

12 қазанда ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген облыс делегациясы құрамында ҚФУ-ға барған болатын. Сол кезде проректор Д. К.Нұрғалиевпен өзге де басшылармен жолыққан. Іссапар барысында ректор қосдипломды магистрлік бағдарламаны (1 жыл Қазақстанда, 1 жыл Татарстанда) бастау туралы уағдаласқан-ды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo