- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Парсы және түрік халықтарының ұлттық мейрамы «Новруз» мерекесіне арналған Орталық Азия халықтарының ІІІ студенттер конгресі Алтай мемлекеттік университетінде наурыз айының 16-17 өтеді.
Аталмыш конгресс университеттің шетел студенттері Ассоцияциясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын шара ғылыми, білім беру, қоғамдық, мәдени-шығармашылық және спорттық құрамдардан тұрады.
Ауқымды шараға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің делегациясы қатысады. Конгресс шеңберінде Орталық Азия халықтарының мәдениеті жастар фестивалі өтеді. Сонымен қатар, «Культура народов Центральной Азии» атты суреттер көрмесі жоспарланған. Конгресс іс-шараларының ішінде ұлттық тағамдар дегустациясы да қарастырылған.
Баспасөз қызметі