С. Аманжолов атындағы ШҚМУ делегациясы Татарстан Республикасындағы Қазан (Еділ) федералдық университетінде болды.
Университетте Абайдың «Қарамола ережесі» кітабының түпнұсқасын келер жылы Шығыс Қазақстанға уақытша пайдалануға, яғни көрмеге қоюға беруді ұйымдастыру туралы кеңес өтті.
Кездесуге Татарстанның Қазақстандағы өкілетті өкілі Д. Валеев, ҚФУ проректоры Л. Латыпов, ҚР Жоғарғы сот судьясы Б. Жұмағұлов, ШҚО сотының төрағасы Н. Қайырбеков, облыстық соттың судьясы Е. Жұмақсанов, ШҚМУ ректоры М. Төлеген, ШҚМУ ТЖжӘМБ басшысы Р. Абдрасулин және басқалар қатысты.
Тарихи жәдігерді көрмеге қою шарттары талқыланған соң екі ел ЖОО өкілдері сыйлықтармен алмасты. ШҚМУ ректоры әріптестеріне облыс туралы кітапты тарту етті.
Бұдан соң жиналғандар Н. Лобачевский атындағы кітапханаға барып, кітап нұсқасын көрді.
Экскурсияны кітапхана директоры Е.Н. Струков пен бөлім жетекшісі Э.И. Амерханова жүргізді.
Баспасөз қызметі