Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ десанты жұмысын Өскемендегі жеті мектепте жалғастырды

28 ақпанда «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кәсіптік бағдар беру десанты» акциясы Өскемендегі жеті мектепте жалғасты.

№23 орта мектепте Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары Г. Сыздықова мен Ж. Ақанова, №43 орта мектепте Физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Г. Иманжанова, №47 орта мектепте ТДФЖС кафедрасының аға оқытушысы Ж. Ангиппаев, №9 орта мектепте Қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары Л. Белоусова, Г. Шолпанбаева және Жоғары колледждің аға оқытушысы Н. Қалиақперова, №12 орта мектепте Экология және география кафедрасының меңгерушісі К. Дакиева, №32 орта мектепте Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы А. Хизат, №3 мектеп-лицейде Рухани жаңғыру және ӘГҒ кафедрасының доценті Е. Сейтембетов жұмыс жүргізді.

Түлектері сұрақтарға жауап алды. Оқытушылар ҰБТ-ның жаңа форматы, оқуға түсу үшін шекті балл мәселесі бойынша кеңес беріп, оқушыларды жаңа білім бағдарламаларымен таныстырды, бітірушілердің біліктілігін түсіндірді. Университеттің әлеуметтік қолдау шаралары талапкерлер назарына ұсынылды.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo