Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ доценті В. Ф. Минаев өмірден озды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың журналистика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылым кафедрасының доценті, ӨКПИ-ШҚМУ-де 36 жыл қызмет еткен В.Ф. Минаев өмірден өтті. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ә. У. Қуандықов және университет ұжымы доценттің туғандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Минаев Владимир Филлипович 1938 жылы 31 қазанда дүниеге келегн. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСРО-ның ағарту ісінің үздігі, ҚР білім беру саласының Құрметті қызметкері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Құрметті профессоры, «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Университет мақтанышы» құрметті атағымен марапатталған.

1980 жылдан бастап Өскемен қаласының педагогикалық институтында, ал 1990 жылдан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де қызмет еткен.

Соңғы сапарға шығарып салу сенбі күні, 1 қазан, сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін, БСМП жерлеу салты залында өтеді (Белинский-Ворошилов көшелерінің қиылысы).

Қазақ
× You found a Typo