Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ доцентінің жетекшілігіндегі оқушының ғылыми жобасы республикалық конкурста үшінші орынды иеленді

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Жәнібек Шапатов ғылыми жобалар республикалық конкурсының «Қолданбалы математика» бағыты бойынша 3 орын иеленді.

Назарбаев зияткерлік мектептері арасындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсы Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Оқушының ғылыми жобасын қадағалауды Сандық технологиялар және модельдеу зертханасының меңгерушісі, PhD докторы Әлия Нұғыманова жүргізді.

Ғылыми жоба тақырыбы – «Әдеби туындыларға негізделген интеллектуалды карталарды автоматты түрде құру (Абайдың қара сөздері негізінде)». Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқушыларға ғылыми жетекшілік ету Сандық технологиялар және модельдеу зертханасы мен Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің математика кафедрасы арасындағы ғылыми ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады.

Сандық технологиялар және модельдеу зертханасы

Қазақ
× You found a Typo