Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ докторанты Италияда тағылымдамадан өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Философия» мамандығының 2 курс докторанты Елена Геннадьевна Рякова Тілдер мен коммуникациялардың еркін университетінде (IULM) (Милан қ., Италия) ғылыми-зерттеушілік тағылымдамадан өтті.

Докторантты университет пен шетелдік ғылыми кеңесшісі, PhD докторы, профессор С. Аматаякул дербес шақырған.

Е. Ряковамен бірге оның ғылыми жетекшісі, Қазақстан философиялық конгресінің атқарушы директор, философия ғылымының докторы, профессор А. Сағиқызы да барды. 

Тағылымдамада докторант пен отандық және шетелдік кеңесшілер «Қазіргі әлемдегі жаһандық үрдістер логикасына әлеуметтік-философиялық талдау жүргізу» диссертациясы бойынша жұмыс істеді.

Сондай-ақ, А. Сағиқызы мен Е. Рякова италиялық философ, Философиялық қауымдастықтар халықаралық федерациясының бас хатшысы (FISP) Л. Скарантиномен кездесті.

Кездесуде ынтымақтастық келешегі талқыланып, Абай мен Әл-Фараби мерейтойларына арналған іс-шараларға шетелдік философтардың қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo