Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың 10 грантын Түркістан облысының түлектері алады

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының түлектеріне 10 грант бөледі.

Бұл туралы университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген ректорат отырысында мәлімдеді.

Сонымен қатар, ректорат мүшелері СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова айтқан бір күндік жалақыны зардап шеккендерге көмектесу қорына аудару туралы ректорат ұсынысын қолдап, дауыс берді.

Еске саласақ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері «Біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында Шығыс Қазақстаннан Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге қатысқан. Белсенді студенттер мен еріктілер бақылаушы ретінде су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына азық-түліктерді тасымалдауға және таратуға көмектескен еді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo