Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың 156 түлегі «Өрлеу» инстиутында және Педагогикалық шеберлік орталығында оқытудан өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Өрлеу» білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (Алматы қ.) және Педагогикалық шеберлік орталығы (Нұр-Сұлтан қ.) базаларында жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша оқытуын тұрақты негізде жүргізеді.

Мысалы, өткен оқу жылында «Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында жоғары оқу орындарында заманауи педагогикалық технологиялар» бағдарламасы бойынша («Өрлеу» ББЖҚБАРИ) 15 адам, «Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі курстар» бағдарламасы бойынша 25 оқытушы оқытылды.

ШҚМУ кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы Педагогикалық шеберлік орталығынан (ПШО) жаттықтырушыларды шақырта отырып, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды, онда 20 адам оқытылды.

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша біліктілігін арттырғандардың жалпы саны – 60 адам.

Сонымен қатар, өткен жылы Ресурстық орталық «Орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында бітіруші курс студенттерін біліктілік тестіне кешенді дайындау» курсы ұйымдастырылды. Оған ПШО-ның, «Өрлеудің» сертификатталған тренерлері шақыртылып, университеттегі педагогикалық мамандықтардың 156 түлегі оқыды және сертификат алды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo