С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 16 студенті академиялық ұтқырлық аясында шетелдік жоғары оқу орындарына білім алуға аттанады.
Айталық, ең көп ұпай жинаған (7,5 балл) шет тілі: екі шет тілі мамандығының студенті Әйгерім Тайшыман Оңтүстік Шығыс Азияға оқуға барады.
Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс Азияға шет тілі: екі шет тілі мамандығының студенті Әмина Тәйшікенова аттанбақ, ал осы мамандық студенттері Екатерина Лачкова Еуропаға, Темірлан Теміртаев АҚШ-ға сапар шегеді.
Шетелдік оқу орындарына баратын 16 студенттің бесеуі ағылшын тілінен сынақты IELTS деңгейінде тапсырған.
Баспасөз қызметі