Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың 2017 жылдың қорытындысы бойынша номинациялары

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өткен іс-шаралар қорытындыланып, 2017 жылдың номинация жеңімпаздары анықталды.

Сонымен, жылдың айтулы номинациялары

Жыл мерейтойы

*2017 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – 65 жылдығын тойлады.

*Осыдан тура 10 жыл бұрын, 2007 жылдың 23 қаңтарында, ШҚМУ-дың 55 жылдығында, Сәрсен Аманжолов ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Аталған ескерткіш  ШҚМУ-дың  №1 оқу ғимаратының алдында, 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан.

*20 жыл бұрын, 1997 жылы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен Өскемен қаласында болған кезінде, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің гуманитарлық колледжінің салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

*ШҚМУ кітапханасына 65 жыл толды. 1952 жылы кітапхана қоры 10 мың оқулық пен оқу бағдарламаларынан тұрса, қазіргі күні кітап қоры 1 миллионды құрайды.

* Экономика  және құқық факультеті 25 жылдық мерейтойын атап өтті.

*Биылғы жылы педагогика ғылымдарының докторы, кафедра профессоры, ҚР педагогикалық ғылым Академиясының академигі Василий Петрович Русанов, экономика және құқық факультетінің профессоры Тоқтар Анкиевич Болгауов, физика және технологиялар кафедрасының доценті Галина Спиридоновна Смолина 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.

*Еңбек ері, биология ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ доценті Людмила Андреевна Федотова 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

Жыл рейтингі

*Ең үздік көпсалалы жоғарғы оқу орындары ұлттық рейтингінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ үздіктер тобында, яғни 21 оқу орнының ішінде 6-шы орында.

*4 International Colleges & University (4ICU) халықаралық білім беру порталының мәліметінше  ШҚМУ сайты Қазақстанның 109 жоғарғы оқу орындарының ішінде 12 орында. 2017 жылы рейтинг құру барысында әлемнің 200 елінен 12358 колледжі мен университеті қатысқан болатын.

Қорытынды есеп бойынша, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 95 қазақстандық жоғарғы оқу орындарының арасында 11-ші орында және «А» категориясы берілді.

Жыл көрмесі

* ШҚМУ-дың 600 студенті мен оқытушылары «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне қатысты, соның ішінде ерікті-студенттер де бар.

* «ЭКСПО-2017» көрмесінде ШҚМУ-дың жобасы да көрсетілді. Гибридті су жел электростансасы жобасының авторлары физика-математика ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ ұжымдық қолданыстағы Ұлттық зертханасының инженер-зерттеушісі Альмира Жылқашинова, Нұрлан Досмұрат Досмұрат Жидехан.

* ШҚМУ студенті Әлішер Мишелев «ЭКСПО-2017» көрмесінің өкілдерімен (Монако павильоны) келісімге отырды. Сонымен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Монако Ханзадасы Альберт ІІ кездесуінде болды.

Жыл нысаны

№ 1 оқу ғимаратында «Шығыс Қазақстан маржаны» ғылыми-білім беру кешенінің ашылуы.

Жыл жобасы

* 2017 жылы ШҚМУ smart-университет үлгісіне ауысуды жүзеге асыруда.

*ШҚМУ-де «2017-2025 жж аралығында латын қарпіне көшу жұмыс жоспары» құрылды.

*ШҚМУ қызметкерлері ШҚО әкімдігімен бірлесіп, «Интеллект. VKO» ақпараттық жүйесін құру жобасымен айналысуда.

* «Шығыс Қазақстан табиғаты және табиғат байлығы» жобасын іске асыру шеңберінде, ШҚМУ ғалымдары екі «Қызық кітап» басып шығаруды жоспарлап отыр.

*ШҚМУ ғалымдары ШҚО киелі орындары Картасын құруға ат салысты.

Жыл марапаты  

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының м.а. Ирина Владимировна Ровнякова ҚР Президенті атынан «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

*Өскемен қаласының Ардагерлер ұйымы ШҚМУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ленста Рахымжанқызы Әубәкірованы «Ерекше қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады. ШҚО Ардагерлер кеңесінің 30 жылдығына орай, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.Р. Әубәкірова мерейтойлы төсбелгімен марапатталды.

* Облыстық «Жылдың көшбасшы студенті» номинациясы бойынша «Физика» мамандығының 4 курс студенті, ШҚМУ Жастар ісі комитетінің төрағасы Батырбай Әбілхайыр жеңімпаз атанды.

* Өскемен қаласы әкімінің «Жылдың көшбасшы студенті» номинациясы бойынша 4 курс студенті, «Жас Отан» ЖҚ біріншілік бөлімінің төрағасы Қайыржан Басбақбаев жеңімпаз атанды.

* Өскемен қаласы әкімінің «Жылдың жас ғалымы» номинациясы бойынша Ұжымдық қолданыстағы Ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісі Бауыржан Рахадилов жеңімпаз атанды.

Жыл Алғыс хаты

Челябіде өткен РФ және ҚР университеттерінің ректорларының Форумына қатысқаны үшін ШҚМУ ректорының м.а. И.В. Ровнякова Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігіне қарасты, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің ректоры А.Л. Шестаковадан Алғыс хат алды.

Жылдың үздік оқытушысы

Нұрғалиева Сәния Айдарханқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті.

Жылдың үздік зерттеушісі  

 Жанбосынова Альбина Советқызы – т.ғ.д., Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының меңгерушісі.

 Жылдың үздік әдіскері

Жантасова Жеңіскүл Зейнешқызы – т.ғ.к.,  компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі.

Жылдың үздік құрылымдық бөлімі  

«Айқын» тіркеу бөлімі

Жылдың үздік кафедрасы

Жылдың ең үздік кафедрасы – шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы мен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы болып танылды.

Жылдың үздік факультеті

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Жылдың стипендия иегері

*3 курс студенті Құралай Алдаберген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының стипендия иегері атанды.

* С. Аманжолов атындағы стипендияның 2017-2018 оқу жылдарының 1 семестрінің  иегері «Ядролық физика» мамандығының 2 курс студенті Сергей Герт.

Жыл жетістігі

Сақталып тұрған түпнұсқа құжаттарды электронды түрге ауыстыру үшін, ғылыми кітапханаға А2 сериялы ЭЛАР ПланСкан кітапханаларға арналған сканер алынды.

Жыл креативі

ШҚМУ магистрлері «Университет оқытушысының психологиялық портретін» құрастырды. 

Жыл дарыны

*Танымал жазушы Қайым Мұхамедхановтың қызы Дина Мұхамедханова әкесінің «Әке мен бала. Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов», «Қайым Мұхамедханов. Хаттар сөйлейді» атты кітаптарын ШҚМУ-ға сыйлады.

*ҚР Бас прокуратура Департаментінің басшысы Н.Д. Бижанов ШҚМУ кітапханасына жеке кітапханасынан кітап тарту етті.

Жыл оқиғасы

*ШҚМУ-де 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 алауын жағу рәсімі өтті.

*ШҚМУғалымдарының 9 жобасы бойынша ҚР БҒМ-мен 49 млн теңгеге келісімге қол қойылды.

Жыл ықпалдастығы

*Ресей мен Қазақстан ықпалдастығының XIV форумы шеңберінде, Челябіде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (РФ) келісімге қол қойды.

*Биылғы жылы ШҚМУ мен Кемер университетінің Новокузнецк филиалы ықпалдастық келісіміне қол қойды.

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Пусан Ұлттық университетімен (Оңтүстік Корея) ықпалдастық туралы келісімге қол қойды.

*ШҚМУ мен Порто Университеті (Порту қаласы, Португалия) Эразмус+ халықаралық бағдарламасы шеңберінде әріптестік туралы келісімге қол қойды.

*ШҚМУ мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты өзара келісімге қол қойды.

Жыл мәртебесі

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ленста Рахымжанқызы Әубәкірова «ШҚО құрметті азаматы» мәртебесі берілді.

Жыл клубы

«Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы жанынан «Агора» студенттер клубының ашылуы.

Жыл кітабы

*Шығыс Қазақстан облысында жаңашыл педагогтар, ғалым, жетекшілер туралы «Шығыс Қазақстан облысының білім беру менеджменті» атты жаңа кітап шықты. Жинақ авторы Мұңлық Асанова.

* ШҚМУ доценті Л.И. Абдуллинаның «Назарбаев сияқты сөйлеу. Ораторлық шеберлік және көпшілік алдында сөз сөйлеу технологиясы негіздері бойынша оқулық» атты кітабы жарық көрді.

*ШҚМУ-дың «Берел» баспасында профессор Ф.Р. Ахметжанованың «Қазақ тілі» атты оқу-әдістемелік кітабы және қазақ орыс тілдерінде  «Ой қанатында» - «На крыльях мысли» атты туындылары шықты.

Жыл публикациясы

*ШҚМУ ғалымы А.А. Кайгородцев «G-Global үздік штабы» І Республикалық байқауында «Қазақстан экономикасы» тақырыбындағы үздік публикация» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

 Жыл сапары

* «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед ШҚМУ-ға келіп, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

*ШҚМУ-дың қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі Қ.Х. Рахимбердин, Стамбұл университетінде болып, авторлық дәріс оқыған алғашқы Қазақстандық заңгер-ғалым. Стамбұл университетінің заң факультеті мен ШҚМУ арасында ықпалдастық келісімге қол қойылды.

*АҚШ ғалымы Лу Фолц, психология және оқыту теориясы докторы ШҚМУ-де дәріс оқыды.

*Академиялық ұтқырлық шеңберінде, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің биология кафедрасында Франция профессоры Тьери Берже биология пәндері бойынша дәріс курсын өткізді.

*Калифорния университетінің (АҚШ) профессоры, микробиолог Асим Есен ұзақ мерзімді келісімге отыру үшін, жаратылыстану ғылымдары және  технологиялар факультетінің биология кафедрасында болды.

Жыл зерттеушісі

*ШҚМУ өнертапқышы Альмира Жылқашинова дауыс беру нәтижесінде, «Қазақстанның 100 жаңа келбеті» жобасының іріктеу кезеңіне өтті.

Жыл диссертациясы

*Алғаш рет ШҚМУ-де магистрант Ботагөз Хамитова ағылшын тілінде диссертация қорғады.

Жыл бағасы

*ШҚМУ заңгер-ғалымы Қ.Х. Рахимбердин Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына жүйелік баға берді.

Жыл тренингі

*ШҚМУ студенттері мен оқытушыларына тәуелсіз кеңесші, білім беру саласындағы халықаралық сарапшы Малкольм Пейтон (Ұлыбритания) дәріс оқыды.

Жыл таңдауы

*ШҚМУ-дың үш студенті жастар маслихатына өтті: Қалымбек Аян,  Анас Бақдаулет,  Басбақбаев Қайыржан.

Жыл сыйлығы

*С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Семей қаласындағы Б. Исадилов атындағы мектепке робототехника кешенін сыға тартты.

Жыл бақыты

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 40 студенті 2017-2018 оқуу жылдарында жергілікті бюджет есебінен оқу ақысын төлеу грантына ие болды.

Жыл мәнсабы

*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі Талғат Ластаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінінің Азаматтық авиация комитетінің басшысы болып тағайындалды.

Жыл олимпиадасы

ШҚМУ-де 7-9 сынып оқушылары арасында химия пәнінен 1-ші юниорлар олимпиадасы өтті.

Жыл аруы

* «Шығыс аруы - 2017» ШҚМУ студенті Назерке Серікова.

* «Өскемен аруы-2017» ШҚМУ-дың экономика және құқық факультетінің «Экономика» мамандығының 4 курс студенті Аяужан Бахтыбаева деп танылды.

Жыл тұсаукесері

* ШҚМУ-де «Авангард» студенттер драма-театр студиясы құрылды. Г.И. Гориннің пьесасы бйынша «Чума на оба ваши дома» спектакльімен тұсаукесері өтті.

*журналистика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының 1 курс студенті Әлішер Мишелев жастар «Ералашын» түсірді.

Жыл дарыны

*ШҚМУ студенті Юлия Юрочкина француз әндері 9-шы ұлттық байқауында Бас жүлдеге ие болып, Франция еліне саяхат ұтып алды.

Жылдың шығармашылық жеңісі

*ШҚМУ түлегі Еркін Қуаныш «Айтыс» республикалық байқауында 3- ші орынға ие болды.

*ШҚМУ студенттері мен түлектері «Жастар дауысы» атты қалалық ақындар байқауында жеңімпаз атанды.

*ШҚМУ студенттері «Абай оқулары» қалалық байқауынан жеңіспен оралды.

Жыл ділмарлары

* «Ділмар» дебат клубының мүшелері, ШҚМУ студенттері республика бойынша 10 үздік команданың қатарында.

Жыл шебері

*Химия кафедрасының 2016 жылғы түлегі Айдос Сайлаубеков ІІІ республикалық жас педагогтар байқауында «Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Жыл байқауы

* «Студентттер көктемі-2017» облыстық және қалалық байқауларында ШҚМУ студенттері үш номинация бойынша жеңімпаз атанды.

* «Студенттер көктемі-2017» Ханзадасы» марапатына ШҚМУ-дың 4-ші курс студенті Шыңғысхан Қабдықалық ие болды.

Жыл спортшысы

*ШҚМУ-дың 4-ші курс студенті, ҚР студенттер хоккей командасының қорғаушысы Сергей Кудрявцев  XXVIII Бүкіләлемдік универсиада ойындарының қорытындысы бойынша, Қазақстанның үздік спортшылары қатарына енді

*ШҚМУ студенті А. Бекболатов жекпе-жек ұлттық күрес түрі бойынша 65 келі салмақта 1 орынға ие болды.

* Кикбоксингтен V Азия ойындарында 55-ке дейінгі салмақта, экономика және құқық мамандығының 3 курс студенті Әйгерім Рахатова қола жүлдегер атанды.

*ШҚМУ студенттері ҚР ІХ жазғы университеттер универсиадасында жеңімпаз атанды.

Жыл альбомы

*ШҚО-да 100 суреттен құралған альбом жарық көрді. Психология және түзету педагогикасы кафедрасының, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, балалар суреттері фестивалін өткізуі, аталған альбомның шығуына арқау болды.

Жыл сенбілігі

*27 сәуір күні ШҚМУ студенттері №1 оқу ғимаратының саяжол салып, университет маңына талдар екті. Акция университеттің 65 жылдығы мен оқу орнында «Серпін-2050» бағдарламасын іске асырудың 3 жылдығына арналған. Ал, жақында университет жанына 65 қайың, 100-ге жуық ағаш талдары отырғызылды.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo