ШҚМУ-дың 26 студенті жаңа оқу жылында академиялық ұтқырлық шеңберінде шетел ЖОО-да білім алуға кетеді. ҚР БҒМ жаңа оқу жылында шетелдік ЖОО-ларда білім алуға 16 грант бөлді (АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия), сонымен қатар жаңа оқу жылында 10-ға жуық студент Ресей, Еуропа, Қытай елдерінде білім алуға ниет білдірді.
Осылайша, Әлімжан Дайырбаев Туризм және қонақ үй ісі академиясына (Польша), Екатерина Лачкова ЛТУ-не (Польша), Шынар Тустубаева Адам Мицкевич университетіне (Польша), Артем Десяк Вроцлав университетіне (Польша), Тамерлан Өмірзақов Ұлы Витаутас университетіне (Литва), Айгерім Тайшыман Лимкоквинг университетіне (Малайзия), Тамерлан Теміртаев Теннеси Технологиялық университетіне (АҚШ) және т.б. оқуға аттанады.
Қазіргі күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ- горизонталды академиялық ұтқырлық (1 семестр) бағдарламасы бойынша шетелдерге оқу дамыған. Оқытушылар мен студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде оқыту, серіктес университет және халықаралық стипендиялық Erasmus+, ДААД, ITEC, MEVLANA, Goethe-Institute бағдарламалары арқылы іске асырылуда.
Фото https://cloud.mail.ru/public/5oGm/2PAsm2PF8
Халықаралық ынтымақтастық және шетел студенттерді тарту бөлімі,
баспасөз қызметі