- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Тамыз айының 25-нен бастап Студенттер үйлеріне бірінші курс студенттерін орналастыру басталады, ал 29-шы тамыздан бастап жоғарғы курс студенттері.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері 30-шы Гвардияшылар дивиязиясы, 42 мекенжайы бойынша орналасқан № 3 Студенттер үйіне орналастырылады.
Ал, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 40 мекенжайы бойынша орналасқан № 4 Студенттер үйіне, экономика және құқық факультетінің, сондай-ақ, Жоғарғы колледж студенттері Гвардияшылар дивизиясы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан № 5 Студенттер үйіне орналастырылады.
Психология, педагогика және мәдениет факультетінің «Дене шынықтыру және спорт», «Алғашқы әскери дайындық», «Музыкалық білім» мамандықтары мен жергілікті атқару органдарының мемлекеттік тапсырысы бойынша (ШҚО бюджетінің гранттары) білім алатын студенттер Образцовая көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан №1 Студенттер үйіне орналасады.
2-4 курс студенттері 29 тамыздан өздері тұрған Студентттер үйлеріне орналастырылады.
Қажетті құжаттар мен орналасу ережелері туралы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтында.