Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың 65 жылдығына арналған кітабы жарық көрді

ШҚМУ-дың 65 жылдығына арналған «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ: «Ғасырдан – ғасырға» кітабы жарық көрді.

258 беттен тұратын кітапта оқу орнының қалыптасуы, тарихи кезеңдері туралы ақпарат жиналған. Басылым тарихи фотосуреттермен безендірілген, кітапта мамандар дайындауға үлес қосқан оқытушылар, басшылар, университеттің даңқын шығарған түлектер есімдері аталады.

Кітап мына тараулардан құралған – «Университеттің қалыптасуы. XIX-XXI ғасырлар», «ХХІ ғасырдағы ШҚМУ», «Құрылымдық бөлімшелер», «Оқу құрылымдары». 

Басылымды төрт маманнан және оқу орны құрылымдарының 16 жетекшісінен құралған редакциялық алқа әзірлеген.

Кітап ШҚМУ-дың «Берел» баспасынан шықты.

Кітаптың электронды нұсқасын ШҚМУ сайтынан мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/BOOK65/kniga_big.pdf

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo