Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың 65 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті

Мерейтойдың үшінші күні салтанатты жиын болып, ШҚМУ қызметкерлері марапатталды, коцерт ұйымдастырылды.

Бүгін профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер университетті дамытуға қосқан үлестері үшін марапатталды.

Жиында «ӨПИ-ден ШҚМУ-ға дейін: 65 жылдық тарих» деректі фильмі көрсетілді, ректор Ә. Қуандықов сөз сөйледі, ол университет жетістіктері туралы айтты.

Марапатталған ардагерлер ішінде – Х.К.Апышева, (өтілі 42 жыл), Ф.Р.Ахметжанова (өтілі – 41 жыл), А.Ш.Жылқыбаева (36 жыл), Н.П. Зарубин (44 жыл), Л.А.Федотова (38 жыл), М.Ш.Үсенова (38 жыл),С.К.Оразалин (36), О.Г. Шафир (38 жыл), Н.П. Одинцов (44 жыл), Л.Р. Әубәкірова (45 жыл)!

Марапат иелері ішінде А.Б. Мырзағалиева, И.В. Ровнякова, Г.М. Бормабаев, С.К. Игібаев, В.П. Русанов, Г.Н. Кузьмина, А.А. Кайгородцева, Т.А. Болғауов, О.Д. Апышев, А.М. Павлов, Г.С.Бектасова, Н.А. Завалко, А.С. Есқалиев, А.М. Шилкашинова, Д. Ерболатұлы, К.П. Прокопову бар.

Өскемен қаласы әкімінің грамотасымен А.Г. Мұхамедиева, Н.М. Темірбеков, Г.Б. Күленова, қалалық мәслихат грамотасымен Ж.З. Жантасова, Б.Б. Келгембаева, Г.К.Қапышева, Қ.Х. Рахымбердин марапатталды.

Ректор бұйрығымен 65 жылдыққа орай 54 қызметкер мерейтойлық медаль алды, 69 қызметкер мерейтойлық төсбелгі, 89 қызметкер Ректор грамотасын, 130 қызметкер Ректор Алғыс хатын алды.

Мерекелік концертте «Инкоро» ансамблі, «Пируэт» би ансамблі, орындаушылар Д. Мырза, О. Орлова өнер көрсетті.

Жиын соңында ШҚМУ ректор Ә. Қуандықов бес жыл ШҚМУ-да істегенін айтып, енді басқа қызметке ауысатынын жеткізді…

Салтанат естелік суретке түсумен аяқталды.

Кешке меркелік гала-концерт өтеді. 

Өтетін орны мен уақыты: амфитеатр – әкімшілік ғимарат, Қазақстан к., 55, акт залы, 16.00-18.00.

Жаңалықтар лентасын қалт жібермеңіздер, іс-шарадан толық фоторепортаж ұсынамыз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo