Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың алты өкіліне Өскемен қаласы әкімінің наградалары табыс етілді

Облыстық драма театрында Өскемен әкімінің «Жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлақтары жеті аталым бойынша табысталды: «Жас кәсіби маман», «Жылдың жастар ұйымы», «Жылдың жастар акциясы», «Жастар шығармашылық ұжымы», «Жылдың жас ғалымы», «Жылдың жас отбасы», «Жылдың студент көшбасшысы».

Іс-шара «Нұрлы болашақ» қалалық жастар форумының аясында өтті.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А.Булавкина шаһар басшысы атынан жеңімпаздарға наградалар мен алғыс хаттар табыс етті.

«Жылдың студент көшбасшысы» аталымын 4 курс студенті, «Жас Отан» ЖҚ бастауыш бөлімінің төрағасы Қайыржан Басбақбаев, «Жылдың жас ғалымы» аталымын ШҚМУ ұжымдық пайдаланудағы Ұлттық ғылыми зертханасының меңгерушісі Бауыржан Рахадилов жеңіп алды.

«Жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін», қоғамдық жұмыстағы және қала өміріндегі белсенділігі үшін қала әкімінің алғыс хаты ШҚМУ студенті, қалалық мәслихат депутаты Юлия Мироноваға берілді.

Сондай-ақ, ШҚМУ ғалымдары, ТФжХҚФ деканының м.а. А.С. Жанбосыноваға, мұражай меңгерушісі Ә. Сайлаубекке, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Ж. Әубәкіроваға ғылымды дамытуға қосқан үлестері үшін ел тарихы туралы бірегей кітаптар тарту етілді. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo