Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың барлық құрылымдық бөлімшелері үшін қашықтан жұмыс істеу формасы енгізілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын індет деп жариялауына байланысты және азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында, сондай-ақ ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы және ҚР БҒМ-нің 14 наурыздағы №108 бұйрығы негізінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша шараларды күшейту туралы» бұйрық шықты.

Бұйрыққа университет ректоры Мұхтар Төлеген қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес, ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелері (11 бөлім, 7 орталық, 5 зертхана, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті, ғылыми кітапхана, Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра, технологияларды коммерцияландыру кеңсесі, АҚ, ТЖ және еңбекті қорғау штабы, студенттік бастамалар тобы. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжі, сондай-ақ лаборанттар, кафедра шеберлері мен факультет хатшылары) қашықтан жұмыс істеу формасына көшеді.

Қашықтан жұмыс істеу формасы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды арқылы іске қолдану асырылады.

Университет өз қызметін жаңа форматта, цифрландыру жағдайында, цифрлық менталитетті дамыта отырып (ел Президенті атап өткендей), өзінің барлық стратегиялық жоспарларын іске асыра отырып жалғастыруда. Жаңа жағдайлардағы жұмыс түрлері – кеңестерді онлайн режимінде өткізу, электронды құжат айналымы, бейнеконференцбайланыс, телеконференциялар, онлайн-медиа және өзге де онлайн-технологиялар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo