Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың бес білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізілді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жобалық комитеттердің отырысы өтті, онда философия, мәдениеттану, саясаттану бойынша бес білім беру бағдарламасының өзектілігі қаралды.

Отырыста 8D02201 – Философия, 7М02201 – Философия, 7М03102 – Мәдениеттану, 6В03102 – Мәдениеттану, 6В03104 – Саясаттану бағдарламалары қарастырылды.  

Отырысқа білім беру бағдарламаларының жетекшісі, Рухани жаңғыру және ӘГП кафедрасының меңгерушісі Ф. Қабдрахманова, ҚАЕУ проректоры Г. Сәрсембаева, Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков, Өскемен қаласы ішкі саясаты бөлімінің басшысы Қ. Сарин қатысты. Сондай-ақ, техникалық менеджерлер, іс-тәжірибелер жетекшілері жиналды.

Жиында білім бағдарламаларының өзектілігі, түлектерді жұмыспен қамту, өндірістік іс-тәжірибеден өту, бірлескен ынтымақтастық бағдарламалары сынды мәселелер талқыланды және білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo