С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері Свече қаласындағы Лингвистикалық-Техникалық университетте оқып жүр.
2019-2020 оқу жылында аталмыш университетте «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттері Іңкәр Дәлелханова, Аружан Пайзолдина, Аяулым Қауанова, Екатерина Лачкова, Омар Бақытжан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуда.
Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы студенттермен тұрақты байланыс жасап, олардың оқудағы жетістіктерін бақылап отырады.
Баспасөз қызметі