Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың биология кафедрасының жобасы жартылай финалға өтті

Жасыл және таза технологиялар саласындағы таланттарға қолдау көрсетуге бағытталған, «Climate Launchpad» халықаралық байқауының шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасының жобасы жартылай финалға өтті. 

Байқауға еліміздің әр түкпірінен жиеалған байқауға қатысушылар Climate Laucnhpad тренері Елена Месьюдің қатысуымен өткен тренингке қатысты. 

Жалпы 80 жобаның тек 12-сі жартылай финалға өтті. Оның ішінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасының жобасы да бар. 

Аталған жоба бал желесін өндіруге бағытталған. Бірегей өнім адам ағзасынан зиян заттарды шығарып, иммунитетті көтереді. 

Келесі Follow-up кезеңінде, қатысушылар байқаудың ұлттық финалына дайындалады, жеңімпаз Амстердамда өтетін гранд-финалға жолдама алады. Байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз! 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo