Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың «Ділмар» дебат клубы қалалық пікірсайыс турнирін өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Ділмар» дебат клубының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Ділмар», Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Еркін сөз», Қазақ-Американ еркін университеті колледжі «Алаш ұрпақтары», Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі «Сөз найза», Медициналық колледж «Аргумент» пікірсайыс клубтарынан 28 фракция қатысып, американдық парламенттік, британдық парламенттік және Линкольн-Дуглас форматтары бойынша бақ сынады.

Нәтижесінде І орын Бақдəулет Қуатбеков мен Аққу Данияловаға («Ла Ла Лэнд» фракциясы, «Еркін сөз»), ІІ орын Əділ Манапбай мен Хабиб Идаятұлына («Хан Тəңірі» фракциясы, «Ділмар», «Алаш ұрпақтары»), ІІІ орын Əли Еміл және Бақболсын Айынкірге («Шаң басқан архивтерден табылармыз» фракциясы, «Алаш ұрпақтары») бұйырды.

«Үздік спикер» аталымын журналистика мамандығының 3 курс студенті Жадыра Мәжібаева («Ділмар») иеленді. Турнир тәрбие бөлімінің қолдауымен өтті.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo