Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың екі студенті республикалық сайыста 1-орын алды

21 мамырда форум-конкурс форматында «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасына арналған «Қазақстан жастарының кәсіби стратегияларын жаңғырту» республикалық дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Е. Бөкетов атындағы ҚарМТУ.

Дөңгелек үстелге Е. Бөкетов атындағы ҚарМТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қостанай педагогикалық университеті, ОҚМПУ (Шымкент қ.), ҚазБСҚА (Алматы қ.) студенттері мен магистранттары қатысты.

Дөңгелек үстел екі бағытта өтті: «Қазақстандық жастардың кәсіби стратегияларын әлеуметтанулық талдау» және «Қазақстан жастарының кәсіби стратегияларын психологиялық талдау».

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Сандық гуманитаристика» мамандығының 2-курс студенті Раушан Жақпекова әлеуметтанулық талдау бағытындағы «Гуманитарлық салада цифрлық технологияны қолдану (VKOVOV_bot Телеграмм-боты мысалында)» баяндамасымен бірінші орынды иеленді (ғылыми жетекшілері: доцент Әубәкірова Ж.С., доцент Нұғыманова А.Б.).

Екінші бағыт бойынша «Психология» мамандығының 3-курс студенті Нұрай Амангелді «ЖОО түлектерінің мансаптық дайындығы қазіргі еңбек нарығындағы инклюзия факторы ретінде» тақырыбында баяндама жасады (ғылыми жетекші – профессор Н.А. Ладзина).

Жеңімпаздарды – университетіміздің дарынды студенттерін құттықтаймыз!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтайтану» ҒЗО

Қазақ
× You found a Typo