С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №4 оқу ғимаратында «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық кешенінің қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология қызметі басшысының орынбасары Вадим Кушнаревтің қатысуымен «Экология» мамандығы студенттеріне арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Кафедра доценті Сара Бейсембаева «Казцинк» ЖШС-мен ынтымақтастық 10 жылдан астам жалғасып келетінін айтты. Кәсіпорын студенттерге, магистранттарға іс-тәжірибеден өтуге, зерттеулер жүргізуге көмектесуде.
В. Кушнарев кәсіпорын қызметімен таныстырып, слайд арқылы «Халдор Топсе» газ жою технологиясын, «Жаңа металлургия» жобасының нәтижесін көрсетті.
4 курс студенті Камила Тұрғамбаева кәсіпорын қызметі туралы іс-тәжірибеден өту кезінде алған өз әсерімен бөлісті.
Студенттер кәсіпорын өкіліне іс-тәжірибеден өту және кәсіпорынға кіру мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды.
В. Кушнарев болашақ экологтармен суретке түсіп, ынтымақтастықты жалғастыруға уәде етті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – доцент С. Бейсембаева, PhD докторы Ж. Жазнаева, экология мамандығының 4 курс студенттері.
Экология және география кафедрасы