Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың экология және география кафедрасы «ПРОМХИМЭКО» кооперативі базасында филиалын ашады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «ПРОМХИМЭКО» өндірістік кооперативі ғылым мен білім саласындағы әріптестікті одан әрі дамыту, университет түлектерін дайындау сапасын арттыру мақсатында ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

Шарт ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүргізу, еңбеккерлердің біліктілігін көтеру, тағылымдамалар, іс-тәжірибелер өткізу және т.б. кезіндегі бірлескен іс-әрекетті қарастырады.

Екіжақты қызметті іске асыру үшін тараптар «ПРОМХИМЭКО» өндірістік кооперативі базасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың экология және география кафедрасының филиалын ашады.

Мұнымен қоса, жоспарда дуальді оқыту аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, кәсіпорын еңбеккерлерінің біліктілігін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Біліктілікті көтеру орталығында арттыру, конференцияларды, семинарларды, шеберлік-сыныптарын және ынтымақтастықтың өзге де түрлерін өткізу қарастырылған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo