Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың филолог-студенттері және оқытушылары «100 жаңа есім» қаһармандарымен жүздесті

Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқаны айқын. Солардың бірі – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.

Пушкин атындағы кітапханада өздерінің еңбекқорлығымен, алғырлығымен, өнерлерімен осы «100 жаңа есім» жобасына енген жерлестеріміз, ағайынды Ержан мен Қуаныш Жұмабековтермен кездесу өтті.

Ержан – ақын, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант. 1987 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультетін бітіреді. 2016 жылдан Түркия Республикасындағы Өмер Халисдемир университетінің докторанты. Өлең жазуды мектеп қабырғасынан бастаған. 2004 жылдан бері жазба өлеңдері қалалық, облыстық, республикалық газеттерде жарияланып келеді. Бірнеше жыр жинақтарының авторы.

Қуаныш – қазақ тіліндегі туындыларды өзге тілде сөйлетіп жүрген, аудармашы. 1988 жылы Семей облысында дүниеге келген. 2006 жылы М. Әуезовтің 20 томын жатқа айтқаны үшін Семей университетінің грантын жеңіп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 2010-2011 жылдар аралығында Малайзияның UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған. 2015 жылдан бастап Өмер Халисдемир университетінің докторанты. 4 тілді еркін меңгерген аудармашы, докторант, Анкарадағы «Bizim Büro» баспасынан ағылшын тілінде «Let’s Learn to Speak English» атты кітабы жарық көрген.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – осындай Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Еліміздің дамуына қомақты үлес қосып, қоғамға пайдасын келтірген, болашақ ұрпаққа үлгі болып, өзінің жаңашылдығымен көзге түскен жерлестерімізбен кездесуге университет студенттері мен оқытушылары белсенді қатысты.

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo