С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқу ғимараттарында және Студенттер үйлерінде санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шаралары күшейтілді.
Іс-шараларады университеттегі шаруашылық департаментінің еңбеккерлері және денсаулық бекетінің медиктері өткізуде.
Сондай-ақ, оқытушылардың, қызметкерлердің, білім алушылардың оқу ғимараттарына кіруі шектетілді және олардағы өткізу режимі күшейтілді.
«Берел» баспасы денсаулық пунктімен бірге коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша буклеттер мен парақшалар тиражын көбейтуді жоспарлап отыр.
Баспасөз қызметі