Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың инженерия және технологиялар кафедрасында магистрлік жұмыстарды онлайн алдын ала қорғау өтті

24 сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің инженерия және технологиялар кафедрасында магистрлік жұмыстарды онлайн алдын ала қорғау өтті.

Факультеттің әдістемелік кеңесі апталығының аясында университетіміздегі инженерия және технологиялар кафедрасының жетекші материалтанушы-ғалымдары – кафедра меңгерушісі, PhD докторы Т.Қ. Қуанышбеков, ф-м.ғ.к., доценті Б.К. Ахметжанов, PhD докторы Б.К. Рахәділов, PhD докторы Ж.Б. Сағдолдина, ф-м.ғ.к., профессор Р.Б.  Абылқалықованың қатысуымен магистрлік диссертацияларды онлайн түрінде алдын ала қорғау өтті.

 «Материалтану және материалдар технологиясы» мамандығының екінші курс магистранттары Е.Е. Қалимолдин, К.А. Макашина магистрлік диссертацияларын жасауда алынған нәтижелерімен таныстырды. Зерттеу нәтижелері бойынша республикалық және шетелдік дереккөздерде ғылыми мақалалар жарияланған. Сонымен қатар, 1 жылдық бейіндік оқыту бағытындағы магистрант Сәндібек Абылайдың магистерлік диссертация бойынша зерттеу нәтижелері тыңдалды.  

Барлық жұмыстар жоғары бағаланып, қорғауға жіберілді.

Инженерия және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo