- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қараша айының 29-ы күні «Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен облыстық балалар ауылында «Мекенім – Қазақстан» атты концерттік бағдарлама мен қайырымдылық шара өткізілді.
Іс-шара барысында балалардың бойындағы патриоттық сезімдерін ояту, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында студенттер еліміздің өткені мен болашағына шағын саяхат жасатып, өз өнерлерін көрсетіп қайтты.
Балаларға оқу құралдары мен әдеби кітаптарды тарту етті.
«Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасы