Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысы онлайн режимге көшіп отыр.
Маркетинг орталығы таңдалған білім беру бағдарламасына сәйкес бейінді пәндер тізімі бойынша, шығармашылық білім беру бағдарламаларына түсу бойынша мектеп түлектері арасында онлайн-презентациялар мен онлайн-кеңестер өткізуде.
Белсенді жұмыс түрлерінің қатарына электронды поштамен және WhatsApp мессенджерімен жұмыс жасау жатады.
Сонымен қатар, университеттің веб-сайтында және әлеуметтік желілерде аймақтық олимпиадалар туралы хабарландырулар орналастырылады, университеттің веб-сайты арқылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің арнайы бейінді пәндері бойынша (ҰБТ пәндері бойынша тесттер) дайындық жүргізіледі.
Ақпаратты www.vkgu.kz сайтынан, университеттің әлеуметтік желілерінен – Facebook, Instagram-нан (vkgu_vko, vk_vkgu, amanzholov_university) және You Tube-тан алуға болады.
Баспасөз қызметі