Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың кәсіптік бағдар беру десанты Новоявленка ауылында болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Химия кафедрасының және Жоғары колледждің оқытушылары Новоявленка ауылындағы №33 орта мектепте болды.

Химия кафедрасының аға оқытушысы Ж. Мұқажанова, оқытушылары Қ. Қабдысалым, А. Қыдырмолла, Жоғары колледж оқытушысы М. Манкей Новоявленка ауылындағы №33 орта мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар берді.

9-шы және 11-ші сынып оқушылары академиялық ұтқырлық және дуальды оқытуға қызығушылық танытты, балалар университеттің серіктес жоғары оқу орындарында оқуға да ниет білдірді.

Білім бағдарламалары мен біліктіліктер туралы сұрақтармен қатар түлектерді мемлекеттік білім грантына түсу үшін қажет өту балдары да қызықтырды.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo