С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Өскеменның мектептеріне барды.
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының оқытушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Зәки Ахметов атындағы №16 мектепке және «Бриг» бизнес-мектебіне барды.
Мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, университетте жоғары білім алудың жолдарын түсіндіріп, ҰБТ форматы жайында және университетте жаңа ашылған мамандықтарды дайындау өзектілігі, түлектер оқуға түсуге берілетін жеңілдіктер туралы айтты.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы