Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың қыздар командасы ел ЖОО-лары арасындағы VIII қысқы Универсиадада қысқы Президенттік көпсайыстан 1 орын алды

Қазақстан ЖОО-лары арасындағы VIII қысқы Универсиадада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қысқы Президенттік көпсайыс бойынша 181 ұпай жинап, 1 командалық орын (қыздар) алды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ұлдар командасы ҚР ЖОО-лары арасындағы VІІІ қысқы Универсиадада қысқы Президенттік көпсайыстан 3-орын алды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ салалық министріктің және облыс әкімдігінің қолдауымен «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасына жіті көңіл бөледі. Айталық, жыл сайын университетке спортта дарыны бар балаларды, сондай-ақ облыс пен елге танымал спортшыларды қабылдау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 40 спорт шебері, 100-ден астам спорт шеберіне үміткер, «Алтай» волейбол клубының, «Торпедо» хоккей клубының бүкіл дерлік құрамы оқиды.

Еске салсақ, былтыр Қазақстан ЖОО-лары арасындағы жазғы Универсиадада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері 6 орын алған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo