Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың «Мейірім» волонтерлер клубының мүшелері республикалық фронт-кеңсенің ашылуына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Мейірім» волонтерлер клубының мүшелері 10-14 ақпанда Нұр-Сұлтанда өткен республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің ашылуына қатысты.

Іс-шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде волонтерлер қозғалысын қолдап, жаңа жобалардың бастау алғанын, алдағы уақытта волонтерлердің жұмысы еңбек өтілімі ретінде саналып, студенттердің шәкіртақысы 30% көтерілетінін айтты.

Екі күнге созылған іс-шара тың идеялармен, жаңа бастамалар орталығына айналды. Бірінші күні шеберлік кластар ұйымдастырылып, қамқорлық, үміт, сабақтастық, асыл мұра, халықаралық волонтерлік бағыттары бойынша атқарылып жатқан жобалар мен бастамалардың тәжірибесімен бөлісу мақсатында пікір алмасу алаңдары өтті.

Екінші күні балалар үйімен қарым-қатынас орнату, волонтерлер қозғалысын ұйымдастыру, әлеуметтік желі, БАҚ-та еріктілер жұмысы жайлы ақпараттық-насихат жүргізудің әдіс-тәсілдері туралы оқыту семинарлар, тренингтер, мотивациялық секциялар жұмыс жасады.

Іс-шараға қатысқан студенттер пайдалы ақпарат пен өзін-өзі дамытудың мотивациялық жолдарын тапты. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың волонтерлер жылы алға қойған міндеті –айқын, болашағы – жарқын.

Н. Аманжолова,

идеялық-тәрбие жұмысы жөніндегі маман

Қазақ
× You found a Typo