Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың №4 студенттер үйінде зияткерлік ойын өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №4 студенттер үйінде Физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы М. Нұризинова «Ақыл күресі» интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды.

Ойынға Физика және технологиялар кафедрасының студенттері белсене қатысты. Ойын алдында «Сыйлық» тренингі өтті.

Ойын мақсаты – студенттердің әр саладағы білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін байқау, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру, сөйлеу  шеберлігін жетілдіру, белсенділігін, ана тіліне қызығушылығын арттыру.

Ойынға 10 студент қатысты – Зұлқайнарқызы Б., Панабек А., Сапарбай Л., Балқыбекова Ш., Ербұланова Д., Рамазан А., Асанова А., Қосымбеков Н., Бүркітбай А. Ойын «Бәйге», «Полиглот», «Жұмбақ», «Қиял әлемінде», «Ойлан да тап!» асуларынан тұрды.

Жанкүйерлер арасынан кәсіптік оқыту мамандығының 3 курс студенттері Б. Сләмбек пен Г. Мұхтарова қазылар болып сайланды. Қызықты, тартысты өткен сайыс соңында екі жеңімпаз анықталды. Олар – кәсіптік оқыту мамандығының  3 курс студенті Б. Зұлқайнар мен 4 курс студенті А. Панабек.

Жеңімпаздар факультет деканының грамотасымен марапатталды.

Физика және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo